Негізгі Жаңалықтар Су тасқыны туралы жағдайды интерактивті карта арқылы қарауға болады

Су тасқыны туралы жағдайды интерактивті карта арқылы қарауға болады

Қазақстанда енді су нысандарындағы жағдайды гидрологиялық мониторингтің интерактивті картасы арқылы қарауға болады. Ол - еліміздегі өзен-көлдердің қазіргі жағдай туралы ақпарат береді.

Интерактивті картаға 329 өзен мен 38 көлді қамтитын 377 бақылау бекетінен - «Қазгидромет» РМК гидрологиялық желісінен ақпарат келіп түседі. Картадағы кез-келген бекетті басқан кезде арнайы кесте шығады. Онда бекеттің атауы, судың қауіпті және нақты сантиметрмен көрсетілген деңгейі, су температурасы мен шығыны, сондай-ақ, ағымының көлемі көрстеледі. Бұл мәліметтер күн сайын сағат 12:00-де жаңартылып отырады.

ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

- Мысалы, біз Сергеев су қоймасының деңгейін көргіміз келсе, сол бөлімге кіреміз. Онда бүгінгі күннің нақты барлық көрсеткіші көрсетіледі. Сондай-ақ, «гидрологиялық болжамдар» деген бөлім де бар. Ол жерде алдағы уақытқа арналған мәліметтер шығады. Және мұз құбылыстарын да көруге болады.


Бөлісу