Петропавлда Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Былтыр өңірде осында 160 іс-шара өтсе, биыл олардың санын 186-ға жеткізу жоспарланған.
Жәрменкеге қаланың 200-ге жуық кәсіпоры қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шара облыстың барлық аудандарында өтіп жатыр. Жиналғандардың қарасы қалың болды. Оларға түсінікті болу үшін көрме ұйымдастырылып, тиісті ақпараттар ілінді.
АМАН ТӨРЕГЕЛДИН, СҚО ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Қоғамдағы жұмыссыздықты жою мақсатында бүгін осындай жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Дәл қазір мұнда өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелері өз ұсыныстарын таныстырып жатыр. Жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Биыл 186 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланған. Былтыр 160-ы өткізілді. Мансап орталығының көмегімен 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, олардың 15% - ы оны осындай жәрмеңкеде тапқан. Жұмыс іздеп жүргендердің көбі - жастар. Даниил Бойко - Петропавл машина жасау және көлік колледжінде газ дәнекерлеуші мамандығы бойынша 3 курста оқиды. Ол алған біліміне сай жұмыс іздестіріп жүр.
ДАНИЛ БОЙКО, СТУДЕНТ:
- Жұмыс жайында толық мәлімет алу үшін келдім. Маған мамандар барлығын түсіндіріп берді. Өз мамандығым бойынша жұмыс іздеп жатырмын.
Еңбек ұтқырлығы орталығы директорының айтуынша, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасу үшін қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ал өз ісімен айналысқысы келетіндерге биыл бизнес ашуға 270 грант қарастырылған.