Есіл ауданындағы «Красный бор» жануарларды қорғау аймағындағы маралдар ұсақталып барады. Себебі 1986 жылдан бері селекция жұмыстары жүргізілмеген. Оған қаржы тапшылығы себеп. Әріптесім Эльмира Кәленова жабайы жануарлардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

ЭЛЬМИРА КӘЛЕНОВА, ТІЛШІ:

- 1986 жылы Красный борға 20 марал әкелінген. Күтімнің арқасында олардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Ал былтыр үйірге екі теңбіл марал қосылыпты. Қорықшылар жабайы жануарлар жаңа ортаға тез үйренісіп кеткенін айтады.

Қазір «Красный борда» шамамен 1200 марал, 1500-ге жуық елік пен 460 қабан бар. Жануарлар төлдегеннен кейін санақ жүргізілмек. Биыл аша тұяқтыларды түгендеуге дрондар пайдаланылады. Заманауи техника жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді, дейді мамандар.

РУСЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, ҚОРЫҚШЫ: - Бір мезгіл шөп, міне екі мезгіл жем беріледі. Биыл енді қыс пока жұмсақ. Күзде-көктемде полностью учет жасалады. Сол санақ жүргізілгеннен кейін расчет жасап, корм дайындаймыз.

РУСЛАН ҚҰСАЙЫНОВ, ҚОРЫҚШЫ:

- Бір мезгіл шөп, міне екі мезгіл жем беріледі. Биыл енді қыс пока жұмсақ. Күзде-көктемде полностью учет жасалады. Сол санақ жүргізілгеннен кейін расчет жасап, корм дайындаймыз.

Қайың жапырақтары маралдың сүйікті қорегі. Кербұғылар қар қалыңдаған кезде тебіндей алмай қалады. Суықта әлсіремеуі үшін жем-шөп беру маңызды. Жануарларды қорғау аймағына арнайы ат терлетіп экскурсияға келушілер бар.

ГАЛИНА ТЕРЕЩЕНКО, ЗЕЙНЕТКЕР:

- Мен мұнда бірінші рет келіп отырмын. Қар, таза ауа, әдемі жануарлар, бір сөзбен айтқанда табиғаты тамаша. Осындай баға жетпес байлықты сақтай білуіміз қажет.

Мамандардың айтуынша нысан ашылғаннан бері селекция жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Салдарынан кербұғылар тұқымы ұсақталып бара жатыр.

НИКОЛАЙ ГУСЕЛЬНИКОВ, «КРАСНЫЙ БОР» ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ АЙМАҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- 2004-ші жылы Шығыс Қазақстан облысынан 4 бас марал әкелдік. Алайда олар жерсінбей, кетіп қалды. Бұл мәселені көтеріп жүрміз. Өйткені маралдар ұсақталып барады. Тұқым алмаспағандықтан басқа да кемістіктер пайда болуы мүмкін. Биыл селекция мәселесін қолға алмақпыз.

Орман арасында емін-еркін жайылып жүрген маңғаз жануарларға қарасаң көз сүйсінеді. Кербез сұлу Көкшетаудан келген маралдар 40 жылдан бері ақ қайыңдар өлкесін мекен етіп келеді.