2 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, ауыл шаруашылығының дамуына сүбелі үлес қосқан Жақсылық Ысқақов дүниеден өтті. Мемлекет және қоғам қайраткерінің әріптестері мен туған-туыстары оны ақтық сапарға шығарып салуға жиналды. Бұл күні Жақсылық Ғабдоллаұлының жарқын өмір жолы мен халқына деген адал қызметі жайлы естеліктер айтылды.
Жақсылық Ғабдоллаұлы Бұлақ ауылында 7 жылдық мектепте білім алып, кейін Петропавл қаласының қазақ мектебіне оқуға түсті. Орта білімді тәмамдаған соң Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтында білім алып, алған білімін туған жерінде іске асыру үшін оралды. Алғашқы қызметін оқу орнының мұғалімі ретінде бастады. Кейін Ольгинка совхозында МТС бастығы болып жұмыс істеп, сол жерде үлкен тәжірибе жинақтады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, Жақсылық Ысқақовтың өмірден өтуіне орай облыс әкімінің атынан көңіл айтып, оның өмірі мен қызметін жоғары бағалады. Ол Жақсылық Ғабдуллинұлының әрқашан халыққа қызмет еткенің, өз ісіне адал азамат болғанын, оның есімінің мәңгі сақталатынын атап өтті.