Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өткен жылды қорытындылап, осы жылға арналған жоспарды талқыға салды. Петропавлда өткен отырысқа өңірдің сала қызметкерлері қатысты. Жиында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, архив ісін жетілдіру, ономастика және өзге де өзекті мәселелер қозғалды.
Мәдениет саласына бөлінетін қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 14,4 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. 2025 жылға арналған бюджет – 14,5 млрд теңге. 2021 жылдан бері мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын өсіп, 2025 жылға қарай екі есеге артады. Сондай-ақ, шығармашылық қызметкерлерге 35% үстемақы, ал техникалық персоналға 50% қосымша төлем қарастырылған. Биыл бірқатар маңызды мәдени жобалар жүзеге аспақ. Олардың ішінде халықаралық фестивальдер, ғылыми-танымдық іс-шаралар мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бастамалар бар.
САНАТ ӘУБӘКІРОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Биылғы мәдени жобалар еліміз үшін маңызды тарихи даталарға арналады. Атап айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, ҚР Конституциясының 30 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Сәбит Мұқанов пен Смағұл Сәдуақасовтың 125 жылдығы және Жеңістің 80 жылдығы. Сондай-ақ, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 60 жылдығы және Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театрының 25 жылдығы аталып өтеді. Жыл бойы бірқатар имидждік жобалар жүзеге аспақ. Олардың қатарында халықаралық «Qyzyljar Music Fest» фестивалі, «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» симпозиумы, ботай мәдениетіне арналған монумент орнату және инклюзивті шығармашылық фестивалі бар.
Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Біржан Есжановтың айтуынша, өткен жылы өңіріміздің өнер ұжымдары үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әлқиса фольклорлық ансамблі мен Сегіз сері қазақ халық аспаптар оркестрі жоғары деңгейде ӨНЕР көрсетіп, қуантты. Сонымен қатар, маман өңірде музыкалық аспаптарды үйрету сабақтарының аздығын және кәсіби білім беретін оқу орнының біреу ғана екенін атап өтті. Ауыл жастарының өнерге деген қабілетін дамыту үшін аудан әкімдеріне ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үйірмелер ашуға қолдау көрсетуді ұсынды.
БІРЖАН ЕСЖАНОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- Бүгінде Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында ұлттыцқ музыканы насиаттайтын Сегіз сері қазақ халық аспаптар оркестрі, Әлқиса фольклорлық ансамблі, сондай-ақ 5 дәстүрлі әнші жұмыс істейді. Екі ұжым да осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жетті. Халықаралық Жұбанов көктемі, шабыт, ғасырлар сағы конкурстарының лауриаттары атанды. Ұлттық музыканы Қазақстанда ғана емес алыс жақын шет елдерде де насихаттап келеді. Мысалы Словения, Ховатия, Кипр, Қытай, Үндщістан, Франция, Түркия, Ресей елдерінде. Нағыз талант ауылдан шығады дегендей ауыл аудан көлемінде оқушыларды осы өнерге қызықтырып, тартиу үлкен сұрақ болып отыр. Себебі сол оқушылар оқып ертен дипломын алып, сол жердің мәдениетін дамытады. Ол үшін аудан басшыларына осы мәселеге қызығушылық танытса екен деймін.
Биыл өңірде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып, өнер ұжымдары ұлттық мәдениетті дәріптеуді жалғастырмақ.