Явленка ауылында қайырымдылық акциясы өтті. Есіл ауданының тұрғындары үшін 2,5 тоннаға жуық өнім дайындалды. Азық-түлік жиынтығы көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. 

Есіл ауданында ауыл тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсетіледі. Зоя Иванова жолдасымен бірге тұрады, екеуі де 70 жаста. Олар да азық-түлік жиынтығын алды. Ішіне ұн, қант, май, макарон, қарақұмық, күріш, шай және тәттілер кірген. Бір жиынтықтың салмағы 40 келі.

ЗОЯ ИВАНОВА - ЯВЛЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біз, ата-әжелер, Виктор Кривошеевке және бізге көмек беріп жатқан адамдарға алғысымыз шексіз. Барлығына өте ризамыз.

Жалпы, мұндай жиынтықтарды 60 отбасы алады. Олар көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғызілікті зейнеткерлер. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы Виктор Кривошеев, Есіл ауданының мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Бұл бастама елшілердің жұбайлары қауымдастығының қолдауының арқасында мүмкін болған.

ВИКТОР КРИВОШЕЕВ - СҚО ЕСІЛ АУДАНЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Олар Астанада жәрмеңке ұйымдастырып, 46 млн. табыс тапты, ОСЫЛАЙША ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР ұсынған жобаларымыз іске асып жатыр. Менің жобам "Рождестволық сыйлық" деп аталады. Бұл іс-шара екі айға созылады. Өнімдер 1,5 млн. теңгеге сатып алынды.

Ал денсаулығына байланысты келе алмағандарға сыйлықтар үйге жеткізіледі. Анатолий Горобцов арбамен қозғалады, жалғыз тұрады. Мүгедектіктің екінші тобын үшінші топқа ауыстырғаннан кейін жеңілдіктер азайды, дейді ер адам. Ауыл тұрғындары оған көмектесуге тырысады.

АНАТОЛИЙ ГОРОБЦОВ - ЯВЛЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Виктор мен Людмилаға және әкімге алғысымды білдіремін. Енді үйіме су тартып бергенде жақсы болар еді, әйтпесе құдыққа баруға мәжбүрмін.

Қоғамдық бірлестік 15 жылға жуық уақыт мүгедектігі бар адамдарды қолдап келеді. Олар спортты, мәдениетті, білімді насихаттап, қиын сәттерде тұрғындарға көмектеседі