Мағжан Жұмабаев ауданының жоғары сынып оқушылары полиция қаһармандарымен кездесті. Іс-шарада олар ішкі істер органдарының арнайы жабдықтарын көріп, арнайы жасақтың және полицияның вокал тобының өнерін тамагалады. 

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғындары мен 400-ден астам жоғары сынып оқушысы құқық қорғау органдарының қару-жарағымен, арнайы жабдықтарымен, техникалық құрылғыларымен танысты және полиция батырларымен кездесуге мүмкіндік алды. Олар үшін аудандық мәдениет үйінде кәсіптік бейіндеу жөніндегі ерекше іс-шара ұйымдастырылды.

Су тасқынында адамдарды құтқарып, «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасын алған учаскелік инспектордың көмекшісі Ақыл Байтеңізов, кикбоксингтен әлем чемпионы, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов және қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген басқа да полиция қызметкерлері балаларға қызметтері туралы айтып берді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин балаларды ҚР ІІМ оқу орындарына оқуға түсу және полицияға қызметке орналасу тәртібімен таныстырды.

Іс-шарада арнайы жасақтың офицерлері қоян-қолтық ұрыстың әдістерін көрсетті, ал кинолог мамандар қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, жасырылған есірткіні іздеп тапты. Бұдан бөлек, полиция департаменті мәдени орталығының вокалдық тобы әннен шашу шашты. Полицияға жұмысқа орналасудың барлық мәселелері бойынша азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша орналасқан полиция бөліміне, Петропавл қ., Алматы көшесі, 55 мекенжайындағы СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасына жүгінуге болады.