Балалардың жолдағы қауіпсіздігі — ересектердің қолында. Өткен жылдың статистикасы бойынша жол апаттарында зардап шеккен 160 адамның әрбір екіншісі, яғни 79-ы - кәмелет жасына толмағандар болған.
Облыста полицейлер балалардың жол-көлік жарақаттының қаупін азайтуға бағытталған ақпараттық рейд өткізді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге 12 жасқа толмаған балаларды алдыңғы орындықта балаларға арналған арнайы ұстағыш құрылғысыз тасымалдауға тыйым салынатыны туралы ескертті.
Полицейлер тек Петропавлда ғана 40-тан астам жүргізушімен профилактикалық әнгімелесу өткізді. Сондай-ақ автокөлік жүргізушілеріне «Көлікте бала бар» жапсырмаларын таратты, бұл жолдағы басқа жүргізушілердің назарын арттыруға көмектеседі.
Саят Дүйсембин - Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының взвод командирі:
- Қазақстан Республикасы жол қозғалысы ережелерінің «Жолаушыларды тасымалдау» 22-тарауының 2-тармағының талаптарына сәйкес, 12 жасқа дейінгі балаларды ұстау құрылғысынсыз немесе баланы қауіпсіздігіне мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде мехникалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымладауға тыйым салынады. Осы талаптарды орындамау үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігімен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» ұранымен аталған жұмыс, оқу орындарының жандарында және көлік қозғалысы көп орындарда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізілді.