Петропавлдық тұрғын үнді халқының дәстүріне ерекше қызуғышылық танытып келеді. Оксана Голованова үнді тағамдарын әзірлеп, мантра оқып, тіпті әйелдердің ұлттық киімі - сари жинаумен де әуестенеді.
Оксана Голованованың үнді мәдениетіне қызығушылығы бала кезде үнді фильмдерінен кейін басталған. Ал Үндістанға алғаш рет 2018 жылы саяхаттап барудың сәті түседі. Кейін осы ел жайындағы білімін молайту үшін тағы бірнеше рет сапарлайды.
ОКСАНА ГОЛОВАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Үнді әйелдерінің көбі күнделікті өмірде де, мерекеде де сари көйлегін киеді. Осы киімде үй шаруасын атқарады. Өйткені, өте ыңғайлы деп айтсам болады. Қозғалуға да оңай. Тағы байқағаным, үнді әйелдерінің барлығының арқасы тік. Мүмкін осы киімнің арқасында олар өздерін сенімді сезінеді.
АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:
- Сари – үнді әйелдерінің дәстүрлі киімі. Ұзындығы 4 жарым метрден 9 метрге дейін жететін көйлек түрін барлық үнлді әйелдеріне киюге міндетті саналған. Олар сари матасын әлеуметтік және материалдық жағадайына байланысты таңдағын екен.
ОКСАНА ГОЛОВАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- Сариды негізінен таза мақта немесе жібек материалдан тігеді. Олар сондай-ақ өз ішінде аймақтар бойынша да бірнеше түрге бөлінеді. Әр өңір өзіндік суреттік бейнелері бойынша ерекшеленеді. Көпшілік үшін қызыл сари неке киімі деп саналады. Бірақ бұл әр аймақта әртүрлі мағына береді.
Оксана Голованованың коллекциясында қазір 20-ға жуық сари мен оған сәйкес тағылатын ұлттық әшекей бұйымдар бар.