«30 қадам ізгілікке» челленджі. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Ассамблея Жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігінің бастамасы. 30 қаңтар мен 1 наурыз аралығында өтеді. Бұл шара 1 наурыз – Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

«30 қадам ізгілікке» челленджі аясында Солтүстік Қазақстан облысында «Жүргізушіге рахмет» акциясы ұйымдастырылды. Волонтерлер аялдамаларда қоғамдық көлік жүргізушілеріне алғыс білдіруге шақырып, мейірімділік пен құрмет көрсетуге үндеді.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» РҚБ СҚОФ БАСШЫСЫ:

- Бүгін бізде жүргізушіге рахмет акциясы өткізіліп жатыр. Бүгін осы акцияда біздің өзіміздің Ассмблея жастарының белсенділері қатысады. + 04:37 – Осы акцияның мақсаты бізді әр күн сайын тасып жүрген жүргізушілерге алғыс айту.

Бүгінде қаламызда 300-ге жуық қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыс істейді, ал автобустардың саны 170 – тен асады. Өткен жылы 35 жаңа автобус сатып алынып, автопарк 80%-ға жаңартылды. Бұл қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоғамдық көлік қызметін одан әрі жақсарту жоспарланған.

ГАЛИНА СЕМЁНОВА - «СҚО АВТОКӨЛІК ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жолаушылар тасымалы қауымдастығы атынан алғысымды білдіргім келеді. Жолаушылар тасымалы саласының қызметкерлері жұмыс күнін таң сәріден бастап, кешқұрым аяқтайды. Әр адамның еңбегі бағаланғаны маңызды, ал осындай алғыс айту акциясының бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша өтіп жатқаны қуантады.

Челлендж аясында белсенділер әлеуметтік, экологиялық, білім беру және мәдени іс-шаралар өткізеді. Олардың ішінде балаларға, қарттарға және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, экологиялық акциялар ұйымдастыру ЖОСПАРЛАНҒАН.