Петропавлда 40-тан астам полиция қызметкері квест-тренингке қатысты. Іс-шараны «Демеу» коммерциялық емес жеке меншік мекемесінің психологтары және облыстық ПД инспектор-психологтары ұйымдастырды.

Облыстық және қалалық полицияның түрлі бөлімшелері мен қызметтерінің өкілдері ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау, эрудициясын, күйзеліске төзімділігін және дене шынықтыру дайындығын тексеру үшін төрт командаға бөлінді.

Квест қаланың көрнекті орындарын қамтыды: Абылай хан резиденциясы ауданынан басталып, Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стеласына дейін созылды. Полицейлер командалық рух пен табандылық танытып, жылдамдықтарын көрсетті және тапсырмаларды тиімді орындаудан жарысты. Сынақ барысын «Демеу» ұйымының тәжірибелі психологтары Резеда Баймұхамбетова мен Жұлдыз Саттарова, сондай-ақ СҚО ПД инспектор-психологтары үйлестіріп отырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері жеңімпаз атанып, кубокпен және дипломдармен марапатталды. Ұйымдастырушылар айтып өткендей, квесттің әрбір қатысушысы жеңімпаз атанды, өйткені команданың әр мүшесі қиындықтарды еңсере отырып, топтың нәтижеге жетуіне өз үлесін қосқан.

Іс-шараның басты мақсаты – командалық өзара іс-қимылды дамыту, ұжымды біріктіру, полиция қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ күйзеліс пен тәуекелдердің алдын алу. Кезекті квест-тренинг көктемге жоспарланған, ол қаладан тыс далада өтпек.