Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі хакатон IT жарысы өтті. Оған 170-тен астам мектеп оқушысы қатысты.
Бұл Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтіп жатқан төртінші хакатон жарысы. Қатысушыларға мектептің 10 жылдығына арналған алдағы қайырымдылық марафонының веб-сайтын жасау тапсырылды. Оларға сайтта тіркелу, жарна мен донаттарды төлеу мүмкіндіктерін ойластырып, платформаны пайдаланушылар үшін ыңғайлы және функционалды етуі қажет.
ДАРИЯ АМАНКЕЛДІ 11 B СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:
- Бұл біздің хакатонға бірінші қатысуымыз емес. Екінші қатысуымыз. Осы екі сағат ішінде біз интерфейстің планын құрып, жәнеде ақырындап сол интерфейсті жасап жатырмыз шаблондарымен. Кодтауға келетін болсақ мен программалауғажауап беремін бізде дизайнер бар. Және де екі тестировщик бар.
Бұл жарыс оқушыларға өзін-өзі көрсетуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үлкен мүмкіндік.
Үздіктер сайтта ыңғайлы интерфейс, ерекше идеялар және жоғары техникалық орындау мүмкіндігін ұсынғандардың арасынан анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге іс-шараның демеушісі атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.
ІТ жарысқа қатысқан әр құрамаға мектептің 10 жылдығына арналған алдағы қайырымдылық марафонына сайт жасап шығару міндеті қойылған еді. Қатысушылар марафонға тіркелу, жарна мен донаттарды төлеу мүмкіндіктерін ойластырып, платформаны пайдаланушылар үшін ыңғайлы және функционалды етуі қажет болды. Командалар кіші және ересек санаттарында бақ сынасты. Үздіктер сайтта ыңғайлы интерфейс, ерекше идеялар және жоғары техникалық орындау мүмкіндігін ұсынғандардың арасынан анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер іс-шараның демеушісі "Арида" компаниясынан 20, 30 және 50 мың теңге ақшалай сыйлықтар алды.
Дәстүр бойынша, Hackathonish оқушыларға өздерінің мүмкіндіктерін дәлелдеуге, білімді іс жүзінде қолдануға және маңызды мектеп жобасына үлес қосуға мүмкіндік болды.