Петропавлдағы «Дуслық» татар-башқұрт ҚОҒАМДЫҚ орталығында «Әй да, әбиләр» әжелер байқауы өтті. Іс-шара екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Басты мақсаты- мәдени мұраны, салт дәстүрді насихаттап, өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған. Биыл 30 жылдығын атап өтеді. Осы мерекеге орай «Дуслық» татар-башқұрт қоғамдық орталығы әжелер байқауын ұйымдастырды. Ол 4 кезең бойынша өтті. Біріншісінде қатысушылар өздерін таныстырса, екінші кезеңде өз өнерлерін паш етті. Ал үшінші кезең бәрінен де қызық. Себебі қатысушылар ұлттық тағам пісіріп, жарысты.

ЗҮЛЕЙХА БИКМЕТОВА, «ДУСЛЫҚ» ТАТАР-БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Бізде биыл жаңа қатысушылар Және бұл конкурстың бағдарламасында да өзгеріс бар. Өткен жылы қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түссе, биыл төртінші кезеңді қостық. Ол жерде әжелер әдемі көйлектерін киіп, сән үлгісін көрсетеді. Тағы айта кетсем қонақ болып келгендердің арасында осы жылы жасы 91-ге келетін әжеміз бар. Ол кісіні де назардан тыс қалдырмай құттықтап ақ орамал сыйлаймыз.

«Әбикә» татар тілінен аударғанда «әже» деген мағынаны білдіреді. Байқауға қатысушылардың бірі - Зухра Атажанова.

ЗУХРА АТАЖАНОВА, ҚАТЫСУШЫ:

- Бүгінгі байқауға қатысу үшін мені де шақырғандарына қуаныштымын. Біз бүгін салт-дәстүрді, тарихымызды жастарға көрсету үшін оларды ұмытпас үшін жиналып отырмыз. Мен барлық кезеңдерге жақсы дайындалып келдім. Барлығымыз жақсы өнер көрсетеміз деген ниеттемін.

Іс-шара соңында келген қонақтар көрмемен танысты. Қонақтар назарына қатысушылар жасаған қолөнер бұйымдары ұсынылды.