Ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Бұл күн 2005-ші жылы сайлау ұйымдарының конференциясында бекітілген. Осыған орай Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде кездесу өтті.

Биыл үшінші ақпан мен алтыншы ақпан аралығында облыста аумақтық сайлау комиссиялары 60-қа жуық түрлі іс-шара өткізбек. Жалпы, Петропавлда 97 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оған 850 адам мүшелік етеді. Қала бойынша 157 мың сайлаушы бар.

КЕҢЕС МҰҚЫШЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Былтырдан бастап Дүниежүзілік сайлау күніне орай 97 мекемеміздің ішінде жастарға арнайы сайлау жүйесінің өзгеруі немесе электоралды біліктілікті арттыру мақсатында осындай іс-шара өткіземіз. Жастарға сайлау жүйесіндегі өзгерістер жайлы айтып отырамыз.

Петропавлдағы № 646 сайлау учаскесінде жастарды ақпараттандыру бойынша жиын өтті. Ол Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж базасында орналасқан. Мұнда тұрғындармен қатар, колледж студенттері де дауыс береді.

НҰРСҰЛТАН ОМАРОВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

- Мұндай жиындардың біз үшін, жастар үшін маңызы зор. Әсіресе сайлау кезінде алғаш рет дауыс беретін қыз-жігіттерге көп ақпарат айтылып жатыр. Мен өзім алғаш рет биыл қазанда өткен референдумда дауыс бердім. Тіпті сыйлық та табыстады.

Комиссия мүшелері 3 күннің ішінде басқа да білім ордаларына барып түрлі форматта ақпараттандыру жиындарын өткізеді.