Петропавлда облыстық қысқы «Ақшақар» спартакиадасының аясында мектеп оқушылары шаңғыдан сынға түсті. Борки кентінде ұйымдастырылған жарысқа өңірдің 8 ауданы мен қала спортшылары қатысып жатыр. Екі күнге шақталған сайыс барлығы 100-ден астам ұл-қыздың басын қосты.
Жалпы, «Ақшақар» қысқы спартакиадасы 11 спорт түрі бойынша өткізіледі. Шаңғы жарысына келген спортшылар аудандық кезеңнен іріктелген. Додада спортшылар жекелей және командалық есепте сынға түседі. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар кубок және медельмен марапатталады.
ҚАНАТ СӘДУАҚАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АӘД ӨҢІРЛІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Спартакиаданың аясында өтіп жатқан шаңғы жарысына 2007-2008 жылғы және 2009-2010 жылғы оқушылар арасында өткізілуде. Үлкен топтағы ұлдар 7 жарым, қыздар 5 шақырым ал, кіші топтағы ұлдар 5, қыздар 3 жарым шақырымда жарысады.