2023 жылы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Петропавлда екі жаңа мектептің құрылысы басталДЫ. Олар «Береке» және «Орман» шағын аудандарында қолға алынды. Әрқайсысы 600 оқушыға шақталған. 2024 жылы алғашқы білім ордасы пайдалануға берілді. Екіншісі жаңа оқу жылына дейін тапсырылмақ.
2024 жылы пайдалануға берілген алғашқы мектеп «Орман» шағын ауданында орналасқан. Қазір білім ордасында 452 оқушы, 42 мұғалім бар. 3 қабатты ғимарат соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. Оның құрлысы 2023 жылдың тамыз айында басталған.
ДИНАРА АНАФИНА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысына 2023 жылы Ұлттық қордан 4,1 млрд теңге , 2024 жылы 6,4млрд теңге бөлінді. Қазір «Орман» шағын ауданындағы мектепте акт залы, оқу залы бар кітапхана, ыңғайлы коворкинг аймағы бар.
«Береке» шағын ауданында 600 орындық жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бас мердігер «Единство» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысан биыл шілде айында пайдалануға беріледі. Жалпы облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2700 оқушыға арналған 4 мектеп салу жоспарланған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тағы екеуінің құрылысына қаражат бөлінсе келесі жылы тапсырылады.