Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа оқу жылына 7 сыныпқа түсу үшін құжат қабылдап жатыр. Мұнда елдің кез-келген өңірінен 6 сыныпта оқитын оқушылар өтініш тапсырып, келер жылдан бастап білім алу мүмкіндігі бар.

Облыс және қала мектептерінің 6 сынып оқушылары құжаттар мен өтінішті 2025 жылдың 11 ақпанына дейін бере алады. Ал Гүлсара Оспанова қызын осы оқу орнына түсіру үшін Қарағанды облысынан арнайы келген. Таңертең қалаға келген бетте оқу орнына құжат тапсыруға жеткен.

Конкурстық іріктеуден өткен оқушылар "Өркен" грантының аясында тегін оқу, тамақтану және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ ПЕТРОПАВЛ Қ. НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мектепте жалпы тамақ тегін, оқу тегін, қажетті құрал материалдар тегін беріледі. Біз мектепке дарынды балалар деп қана жинамаймыз. Мектепке математика бағытындағы , ғылыми бағытағы тақырыптарды алып кете алатын, түсіне алатын, қабілеті бар балаларды мектепке қабылданады. Оны ары қарай тест анықтайды. 

Келесі оқу жылынан бастап оқуын назарбаев зияткерлік мектебінде жалғастырғысы келетін 6 сынып оқушылары құжаттары мен өтініштерін 11 ақпанға дейін тапсыра алады. Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.