Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және психологиялық қолдау шаралары» бойынша тренинг өтті. Жиынға университет және колледж студенттері қатысты.
Қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі Петропавл қаласының жастары мен колледж студенттерін тарта отырып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және психологиялық қолдау шаралары» бойынша психологиялық тренинг өткізді. Іс-шара құқықтық және ақпараттық білім беру арқылы жастар мен жергілікті тұрғындар арасында зорлық-зомбылық пен қатыгездікке қарсы тұруды насихаттауға арналған.
ГҮЛБАҚЫТ БАЙМУСИНОВА ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:
- Студенттерге қай жерге шағымданып, не істеу керектігін естеріне салу. Осы тақырыпта көптеген іс-шаралар өтіп жатыр.
Тренингке колледж студенттері мен еріктілер қатысты. Психолог Елена Скакунованың айтуынша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа кез келген адам тап болуы мүмкін, алайда көбіне әйелдер мен балалар зардап шегеді. Бұл физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
ЕЛЕНА СКАКУНОВА ПСИХОЛОГ:
- Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа көбіне әйелдер мен балалар тап болады. Ер адамдар сирек ұшырайды. Мұндай жағдайға кім тап болса да, оларға қолдау қажет. Жалпы зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерін сезе бастасаңыз, бірден қолдау орталықтарына хабарласу қажет.
Тренинг барысында жастар жеке қауіпсіздік дегеніміз не? Жеке шекараны қалай қорғауға болады? сынды сұрақтарға жауап алды. Осылайша мамандар буллинг және физикалық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруды үйретті.