Солтүстік Қазақстан облысының әкімі тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысының қабылдауына келгендер көкейкесті мәселелерін айтып, сауалдарын жолдады. Жиын барысында түрлі саладағы проблемалар қозғалды. Өз кезегінде аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әр сұрақ бақылауға алынатынын жеткізді. Әріптесім тарқатады.
Өңір басшысына өз базынасын алғашқы болып Айдос Рахымғазиев жеткізді. Тұрғын бірден бірнеше сауалын жолдауға мүмкіндік алды. Ер адам «Солнечный-2» шағын ауданында 3 жыл тұрады. Қаланың шет жағында орналасқан бұл аймақта жол мен нөсер кәрізі бойынша мәселе реттеліп, қардың уақытылы шығарылуы қадағаланса екен дейді. Аудан тұрғындарынының назын арқалап келген ол басқа да мәселелерді тізбектеп берді.
Айдос Рахымғазиев, қала тұрғыны:
- Балалар ойнайтын алаңқай жоқ бізде арнайы істелген, қоршалған. Біздің балалар көршілес, жаңадан «Бірлікте» салынған алаңқайға кетеді жаз айында. Ар жақтағы бұрынғы «Солнечныйда» бар. Алысқа кетіп қалады. Балалар саны көбейіп келеді. Олар өздері бірігіп, жаяу кетіп қалады. Құрылыс жүріп жатыр. Содан қорқыныш бар, КАМАЗ, көліктер жүреді соған алаңдаймыз. Көшелердің атаулары жоқ, нөмірлері қойылмаған. Әр түрлі қызмет түрлерін шағырған кезде, әсіресе жедел жәрдем шақырамыз. Өзіміз барып қарсы аламыз. Себебі, үйлердің барлығы ұқсас, қай көше қайсысы екені белгісіз, жүргізушілер сол жағынан қиналады, айналып жүріп қалады.
Қала тұрғынының сауалдарына Петропавл қаласының әкімі жауап берді. Серік Мұхамедиев әр мәселеге тоқталып, тиісті шаруа қолға алынатынын жеткізді.
Серік Мұхамедиев, Петропавл қаласының әкімі:
- «Солнечный-2» шағын ауданында биыл 5 көшеге, атап айтқанда, 4 км жолға асфальт төселеді. Бұл мақсатқа қаражат қарастырылады. Нөсер кәрізінің бірінші кезегінде 4,7 км желі салынды. Қалған жұмыс 2024 жылы тындырылу керек еді. Алайда, су тасқынына байланысты шегерілді. Сондықтан, ағымдағы жылы екінші кезегі болады. 4,5 км нөсер кәрізінің құрылысы жоспарланған. Жобалық-сметалық құжаттама бар. Балалар үшін балаңқай мәселесіне келетін болсақ, биыл Солнечныйда бір алаңқай салынатын болады. Көше атаулары бойынша істі де біржақты етеміз.
Келесі болып өз сұрағын Сапарғали Байгужин жолдады. Ол шаруа қожалығын кеңейту үшін Тимирязев ауданында 2000 га жер учаскесін бөлу мәселесі бойынша жүгінді. Бұл ретте, ер адамға ақпан айының соңында конкурс өтетіні хабарланды. Ал осы ауданда пайлары бар Серік Байтеленов пен Ақмарал Бабирова жергілікті серіктестікке өз үлестерін сеніп тапсырған. Алайда, бірнеше ай бойы өз пайларын ала алмай жүр. Әкімнің қабылдауына олар жеке адвокатпен келді.
Жанат Хусаинов, адвокат:
- Қаз астық өнімдері» ЖШС пайларды төлемейді. Адамдар қайта-қайта хабарласады, директор болса «иә» деп қысқа өайырады. Бұдан кейін телефонын өшіріп та тастады. Жалпы, мәселе бастапқыда басқада болған. Байтеленов пен Бабированың әрқайсысында 100 га үлесі бар. 2007 жылы осы ЖШС құрылған кезде өздерінің жерлерін қосқан, енді шыққылары келіп жүр. Ал келісімшартта тек ақша деп жазылған. Енді олар сендерде жер жоқ, шарт бойынша ақша салдыңдар дейді.
Аудан әкімі жауапты серіктестік пайды жем-шөппен бере алатынын айтады. Алайда, тұрғындарға өз үлестері үшін жем-шөп емес, қаражат қажет. Ғауез Нұрмұхамбетов мәселе екі жетінің ішінде шешілу керектігін жеткізіп, бұл процессті бақылауға алуды тапсырды. Бұдан соң, Ғабит Мүсірепов ауданындағы Тахтаброд ауылының тұрғыны Дәулетбай Биятов екі сұрақпен жүгінді. Ер адам елді-мекендегі зират сапасыз қоршалғанына шағымданды. Аймақ басшысы кепілдік міндеттемелер шеңберінде жұмысты түзеп, бұл сұрақ бойынша аудан әкіміне есеп беруді тапсырды. Екінші мәселе - ауылдың мәдениет үйін аудан балансына беру мәселесі. Нысан банк кепілінде тұрғандықтан, жұмыс істемей тұр.
Дәулетбай Биятов, Тимирязев ауданының тұрғыны:
- Ауылдық мәдениет үйі қазір жабық тұр. Бюджеттен қаражат ала алмай жүрміз. Біз оны өзіміз-ақ толығымен қалпына келтірер едік. Мен өзім музыкантпын, аудандық конкурстарға барушы едік. Қазір мұнда жастар барып айналыса алатын жер де жоқ.
Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі:
- Ауылдық клубты қалпына келтіру, оны бойынша пайдалануға беру бойынша бизнеспен келіссөздер жүргізуді бастау керек. Біз бюджеттен ақша бөлуге, кепілден босатуға дайынбыз. Ең бастысы, мәденеиет үйі тезірек жұмыс істей бастаы. Барлық жөндеу жұмыстарын жүргізуді, нысанды іске қосуды, жол картасын жасауды тапсырамын. Жұмысты созып алып жүрудің қажеті жоқ.