19 қаңтарда православиелік христиандар «Крещения Господне» мерекесін атап өтеді. Биыл Есіл өзенінің бойындағы мұздың жұқа болуына байланысты жаппай шомылу рәсімі басқа су қоймасына ауыстырылды. Ол Прибрежное ауылының маңындағы Черное көлінде орналасқан. Шомылушылар үшін Пестрое көлінің соңғы аялдамасынан бастап көлге дейін тегін автобус қызметі ұйымдастырылмақ.

«Көлге шомылып қана қоймай, «қасиетті суды» алуға мүмкіндік бар», - дейді санитарлық дәрігерлер. Мамандар жыл сайын мереке қарсаңында табиғи су қоймаларынан сынама алу жұмыстарын жүргізеді.

ТАТЬЯНА ГОРЛОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазіргі уақытта бактериологиялық, химиялық және паразиттік сынақтардың нәтижелері бойынша таңдалған Черное көлі санитарлық құжаттардың стандарттарына сәйкес келетінін растаймыз. Сынамалық жұмыс жүргізу тәжірибесіне сүйене отырсақ, осы уақытқа дейін судың ластанғаны тіркелген жоқ.

Дәстүр бойынша мұндай уақытта аяз болады. Бірақ биыл суық ауа райы күтілмейді. 18 қаңтарға қараған түні облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Ауа температурасы күндіз 5-10, түнде 10-15 градусты көрсетеді. 19 және 20 қаңтарда да қатты аяз күтілмейді. Орташа ауа температурасы -20 градус аязға дейін жетеді.