Қаңтар айының 18-нен 19-на қараған түні православтық христиандардың «Крещение Господне» мерекесі бастау алады. Биыл Петропавл тұрғындары суға шомылу рәсімін Черное көлінде өткізе алады. Ол Прибрежное ауылының жанында орналасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.
Облыста өткен жылдың көктемінде су тасқыны салдарынан қалалық жағажай да зардап шекті. Қазір онда суға түсу қауіпті. Сонымен қатар, қыстың жылы болуына байланысты өзендегі мұз қабаты да біркелкі емес. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, жағалаудағы мұздың қалыңдығы шамамен 25 см, ал ортасы – 15-17 см. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 см-ге жұқа.
ҚАЛИЯ ТҮРЕНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Суға түсу рәсімі 8:30-дан 17;00-ге дейін өтеді. Сондықтан, Пестрое көлінен шомылу орнына дейін автобус жүретін болады. Ол жерден су алуға рұқсат етілмейді.
Суды петропавлдықтар қаланың бес ғибадатханасынан ала алады. Олар Қизатов, Алтынсарин және Сәтбаев көшелеріндегі шіркеулерде болады. Таңғы 9.00-ден 21.00-ге дейін ашық болады.
СЕРГЕЙ ПЕРВУШИН, ПЕТРОПАВЛ ЖӘНЕ БУЛАЕВ ЕПАРХИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
- Бұл мерекеде шомылу-халықтық дәстүр деп айтқым келеді. Олар ешқандай теологиялық жүктемені көтермейді. Мұндай тақуалық дәстүр ежелден қалыптасқан. Биылғы жылы қалалық жағажайда бұл мерекені ұйымдастыру мүмкін емес екеніне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын.
Жалпы, биыл СҚО-да шомылу және су алу үшін 40 орын анықталды. Олардың жартысы су айдындарында. Онда 70-ке жуық құтқарушы мен 29 техника кезекшілік ететін болады.