10 қаңтар - ҚР Ұлттық Ұлан әскерлерінің құрылған күні. Осыған байланысты Петропавлда «Жаһандық трансформация контекстіндегі ғылым және білім» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының ғалымдары мен магистранттары, аспиранттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және шетелдік мамандар қатысты. Конференцияға барлығы 90-нан астам ғылыми мақала келіп түскен.
Мақсат Ахметов - ҚР Ұлттық Ұланы Академиясының 2-курс магистранты. Ол бүгінгі жиынға өзінің «Педагогикалық шеберлік – біліктілік шеберлігін арттыру» атты еңбегін ұсынды. Бұл жас ғалымның 8 - мақаласы. Алдағы уақытта осы тақырыпты кеңінен зерттеп, диссертация қорғамақ.
МАҚСАТ АХМЕТОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МАГИСТРАНТЫ:
- Қазіргі таңда білім саласы өте маңызды болып отыр. Оған жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу. Педогогтардың жаһандық технологияларды пайдалана білуі, кез-келген тығырықтардан шыға білуі маңызды. Сондықтан, осы мәселелерді терең зерттеп, мақаламды жазып шығардым.
Конференцияда әскерилер мен білім саласының мамандары бірігіп, өзекті мәселерді талқылап, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының былтырғы жылы жеткен жетістіктері туралы айтылды.
АРХАТ ТӘТТІМБЕТОВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫ МОРАЛЬДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЦИКЛІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Кафедрамыз академияда жақында ғана ашылды. Негізгі мақсаты- жоғары білімнен кейінгі, яғни магистратурада офицерлерді даярлау. 01:53// Даярлау бағытымыз – ғылыми – педогогикалық бағыт. 1 жыл ішінде кафедрамыз оқу-тәрбие процесінде, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша Академиямыздағы «ең үздік кафедра» болып табылды.
Жедел өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы 2022 жылы ашылған. Құрамында 8 оқытушы бар. Қазіргі таңда 25-ке жуық магистрантты оқытып жатыр.