15-19 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Би керуені» форумы өтеді. Форум аясында «Салтанат» би ансамблі Солтүстік Қазақстан облысына гастрольдік турмен келді. Бағдарламада брифинг, хореографтар үшін шеберлік сабағы және гала-концерт өткізіледі. Қатысушылар қазақ биінің терең мәнін, сахналық және заманауи бағыттарын меңгереді. Гала-концертте көрермендерге қазақ биі мен әлем халықтарының әсем билері ұсынылады. Кеште қазақтың әндері мен күйлері де шырқалады. Қонақтар қатарында – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, күйші Танат Саденов және әнші Жайна Тарғынова бар. Іс-шара 15 қазан күні Ақан сері атындағы облыстық филармонияда өтеді. Ал гастрольдік тур 16-сы күні Бескөл ауылында, 17-сі Явленкада, 18-і Саумалкөлде, ал 19 қазан күні Новоишим ауылында жалғасады.
СНХ: АҚМАРАЛ ИЛЬЯСОВА – «САЛТАНАТ» МЕМЛЕКЕТТІК БИ АНСАМБЛІНІҢ БАС БАЛЕТМЕЙСТРІ