Ел Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Аққайың ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылған Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы талқыланды.


Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірге Президент Жолдауындағы негізгі бағыттарды жұртшылықпен талқылау мақсатында келді. Кездесу Аққайың ауданында өтіп, оған барлық ауылдық округтердің тұрғындары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары қатысты. Басты тақырып – өңірлерді дамыту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және цифрлық технологияларды халықтың күнделікті өміріне енгізу болды. Мәлік Отарбаев сонымен қатар жасанды интеллектіні дамыту – болашақтың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

СНХ: МӘЛІК ОТАРБАЕВ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ


Кездесу барысында ауылдық аумақтардың цифрлық трансформациясына да ерекше назар аударылды. Аққайың ауданында білім беру және ауыл шаруашылығы салаларында жасанды интеллектіні енгізу жобалары жүзеге асырыла бастаған. Мұндай бастамалар өңірдің дамуына және ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді.

СНХ: ЕДІЛ ЖАКЕНОВ - АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Мұндай кездесулер маңызды мәселелерді билік өкілдерімен тікелей талқылауға, пікір және ұсыныстар алмасуға мүмкіндік береді. Президент кеңесшісі атап өткендей, цифрлық технологияларды енгізу мен адами капиталды дамыту — Қазақстанның табысты болашағына бастар негізгі жол.