Республика күні қарсаңында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері кәсіби спортшылармен кездесіп, өзін-өзі қорғау әдіс-тәсілдерін меңгерді.

Кездесу барысында бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова, кикбоксингтен Қазақстанның бес дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аслан Асылбеков және облыстың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дастан Қабденов өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

СНХР: ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, СҚО ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Спортшылар тек қимыл-тәсілдермен шектелмей, табандылық пен тәртіп арқылы жетістікке жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Ал өзін-өзі қорғау әдіс-тәсілдері Қылмыстық-атқару жүйесінің мамандарына күнделікті қызмет барысында аса қажет әрі маңызды екені атап өтілді.

СНХР: МАНАР ҚАБАЙ, СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ


Спортшылар сондай-ақ №50 және №48 түзеу мекемелеріне барып, сотталғандармен кездесіп, өз жетістіктері мен мақсатқа жету жолындағы табанды еңбектері туралы айтып берді.