Жыл өткен сайын мемлекеттің болашағы үшін әртүрлі міндетті межелер қойылып келеді. Оған дәлел президентіміздің жақында берген сұхбаты. Ана тілі газетіне берген сұхбатында ел үшін игілігі мол жобалардың болашағы айтылды. Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында жариялаған реформалардың маңыздылығы талқыланды.

Сұхбатта барлық әлеуметтік мәселелер қамтылған. «Балаларға арналған ұлттық қор» атты бірегей бағдарлама аясында жас ұрпақ Ұлттық қордан төлемдер ала бастады. Қазіргі уақытта 6,9 млн астам бала қолдауға ие болған. Мұндай бастамалар әлеуметтік теңсіздікті азайтуға мүмкіндік береді дейді білім саласында 40 жылдан астам қызмет істеп келе жатқан Ләззат Жолмұқанова.

ЛӘЗЗАТ ЖОЛМҰҚАНОВА №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің президентіміз айтып жатыр инвестиция құю керек. Ата-аналарымызға қыркүйек уақытында кеңес өткізегенде айтамын. Балаларға, біліміне инвестиция құю керек. Мұғалімдер берген білімін, патриоттық сезімді оятып, балаларымыз жоғары оқу орнында оқу қажет деп білемін.

Жалпы 2025 жылы Қазақстан халқы ассамблеясына 30 жыл толады. Осыған орай 13 арнайы жоба ұйымдастырылған. Бұл ассамблеяның қоғамдағы белсенділігін арттырады.

РУСЛАН САМАЕВ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ҚМУ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Ассамблеяның бірінші арнайы жобасы аясында депутаттық топ құрылды. Олар халықпен кездесіп, этномәдени орталықтармен бірлесе отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысады. Ал бүгін президент сұхбатын талқылап жатыр.

Сұхбатта айтылған жобалар мен ұстанымдар өңірде де жүйелі іске асып келеді. Ең бастысы әлеуметтік саясатты жетілдіру үрдісі жақсы жолға қойылған. Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі жиынына келген қауым мемлекет басшысының ашық сұхбаты болашаққа нық қадам басуға үндейтінін алға тартты.