Полицейлер Петропавлдағы Жұмысшы кентінде рейд өткізіп, бір күн ішінде 60-тан астам заңбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде қоғамдық орында мас күйде жүргендер де бар. 

Ауқымды профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде полицейлер тексеруді № 5 учаскелік полиция пункті қызмет көрсететін Жұмысшы кентінен бастады. Бұрын сотталған – 25, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 23, маскүнемдікке салынған – 20 адам, 4 отбасылық жанжалқой мен есепте тұрған адамдардың басқа да санаттары тексерілді.

Полицейлер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды да назардан тыс қалдырмады. Кейде уақытында кездесіп, кеңес берген немесе визитканы қалдырған өте маңызды – өйткені әр адам кез-келген уақытта өз учаскелік инспекторына жүгіне алуы керек.

Рейд барысында қоғамдық жерде мас күйінде жүргені үшін бес адам, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жеті адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы түрлі 63 құқық бұзушылық анықталды.