9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша "Қызылжар Дарыны" орталығы жүлдегерлер мен барлық қатысушыларды марапаттады. Ал үздік деп танылған 60 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Оқушылар арасында өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша мектеп оқушылары арасында 182 жүлделі орын анықталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше оқушылардың білім деңгейі жылдан жылға артып келеді.
БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА - "ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ:
- Екі турмен апелляциялық үдеріс нәтидесінде 182 жүлдегер анықталды. 29 оқушы бірінші орынға ие болды, 60 оқушы екінші орын алды, ал 93 оқушы үшінші орынға лайық деп танылды.
Биыл облыстық кезеңге 500-ге жуық оқушы қатысты, оның ішінде 186 оқушы ауыл мектептерінен. 267 қатысушы қоғамдық-гуманитарлық бағытта, 192 бала жаратылыстану - математикалық бағытта бақ сынасты. Солардың бірі - Ә. Бөкейханов атындағы №25 жалпы орта мектептің биылғы түлегі Жасмин Шорман. Ол олимпиадада білімін Қазақстан тарихы пәнінен сынап, 2-ші орын иеленді.