Астанада 2700-ге жуық орны бар жаңа студенттер үйі ашылды.
Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған жатақхананы Мемлекет басшысы аралып көрді. Ғимарат құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді. Жалпы былтыр ел аумағында 11 мынан астам студентке арналған 40 жатақхана пайдалануға берілген. Биыл елорданың өзінде 3400 орындық 7 жатақхананы іске қосу жоспарланып отыр.
АЗАМАТ ЖҰМАТАЕВ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Бұл жатақханамыздың басты ерекшелігі замат талабына сай барлық жағдай білім алушылардың еркін білім алып, жатақханада ғылыммен біліммен қоса жалы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Жатақханада білім алушылардың әр түрлі санаттарына арналған бөлмелер бар. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге, ғылыммен айналыстаны магистрант докторанттарымызға 1,2,3,4 курс студенттеріне арналған.