Облыста қаңтардың 1-і мен 5-і аралығында 37 нәресте дүниеге келді. Оның 11 жаңа жылдың алғашқы күнінде өмір есігін ашқан. Нәрестелердің 7-і перинаталдық орталықта, ал 4-і Тайынша, Айыртау, Ғ.Мүсірепов аудандарында туған. Жаңа жылда көптен күткен сәбилерiн бауырына басқан аналар жайлы келесі сюжетте.
39 жастағы Альмира Баймұратова жаңа жылдың бірінші күні 3-ші сәбиін дүниеге әкелді. 4 келі 100 граммен Амелия есімді қызын қолына алды. Қазір анасы мен қызының жағдайы жақсы.
АЛЬМИРА БАЙМҰРАТОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
- Өзіме жаңа жылға сыйлық болды. Қызымды дүниеге әкелдім. Өте қатты қуаныштымын. Қазір менің және қызымның жағдайы жақсы. 3 сәбиімді де осы жерде босандым.Тұңғышым ұл. Содан кейін қызым бар. Перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне үлкен алғыс. Маған барынша көмектесті.
Мамандардың айтуынша жаңа жылда дүниеге келген сәбилермен олардың аналарының жағдайлары жақсы. Айта кетейік, былтыр бұл орталықта 3774 нәресте дүниеге келген.
МӘДИНА ЗАКЕРЬЯНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ СТАТИСТ ДӘРІГЕРІ:
- 2024 жылдың 12 айлық есебінде перинаталдық орталығымызда 3774 нәресте дүниеге келген. Оның 42-сі егіздер болса 1-еуі үшем. 984/ Сонымен қатар облысымызда «Аңсаған сәби» бағдарламасы жұмыс жасайды. Біздің орталықта қабылдау жүреді.
Мереке күндері облыстық перинаталдық орталықта жұмыс тыныш өткен. Жалпы Республика бойынша жаңа жылда 181 нәресте дүние есігін ашты.