Қазақстанда 2025 жылға ең төменгі ЕҢБЕКақы мен АЙЛЫҚ есептік көрсеткіш мөлшері бекітілді. Өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Егер ең төменге жалақы мөлшері өзгеріссіз қалып, өткен жылдағыдай 85 мың теңге деңгейінде болса, АЕК 3 932 теңге БОЛЫП БЕКІТІЛДІ. Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 3 мың теңгеге артып, 46 228 теңгеге жетті. 2024 жылы ол 43 407 теңгеге тең болған болатын.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері өткен жылы 57 853 мың теңге болса, 1 қаңтардан бастап 62 771 теңге. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері былтырғы 28 215 теңгеге қарағанда 32 360 теңгеге тең. Базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 50 851 теңге болды. Мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері ұлғаяды.
- Мүгедектік бойынша жәрдемақы 6,5% артады
- I топтағы мүгедектігі бар адамдар 101 702 теңге алады
- II топтағы мүгедектігі бар адамдар - 81 362 теңге
- III топтағы мүгедектігі бар адамдар - 55 474 теңге
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері де өзгерді. Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына 149 416 теңге берілсе, төртінші және одан да көп балаға - 247 716 теңге төленеді. Енді қазақстандықтар электронды түрде егуге келісім беріп немесе бас тарта алады. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында азаматтарға тиесілі дәрі-дәрмектердің тізбесі қысқартылды. Сондай-ақ, энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу және шектеу шаралары енгізіледі. 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. 1 қаңтардан бастап мемлекет кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылық емес қолдау көрсетеді.
- кәсіпкерлік әлеуетті арттыру
- әйелдер кәсіпкерлігін дамыту
- жергілікті ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау
Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшіліктері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтататынын хабарлады.