"Заградовское" серіктестігі секілді агроқұрылымдар қазіргі күні еліміздегі ауыл шаруашылығының басты тірегі, ең негізгі саласы болып табылады. Бұл шаруашылық 1995 жылы құрылған, бірнеше мәрте жаңартулар мен жетілдірулерден өткен. Мәселен олар 2004 жылы элиталы тұқым шаруашылығы статусын алса, 2008 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін иеленген. Ал 2019 жылы Австриядан етті-сүтті бағыттағы симменталь тұқымды сиыр әкеліп, қолда бар қазақы ақ бас санын арттыра түсті. Бүгінде онда 1 мыңға жуық етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара бар. Ал олардың денсаулығын қадағалауда зоотехникке артылар міндет ауқымды.

Есіл ауданындағы «Заградовское» серіктестігіндегі егіншілікпен мал шаруашылығы саласында тұрақты жұмыспен қамтылған еңбеккерлер саны 165. Барлығы Заградовка ауылының тұрғындары. Солардың бірі Любовь Акст. Ол серіктестіктің мал шаруашылығы саласында зоотехник болып жұмыс істейді. Негізгі міндеті тауарлы-сүт фермасындағы 400 бас сауын сиырдың денсаулығын қадағалау. Себебі ферма — бұл өндірістің ең маңызды саласы.

СНХ: ЛЮБОВ АКСТ – СЕРІКТЕСТІК ЗООТЕХНИГІ


Шет елдік қондырғы бір мезетте 20 бас ірі қараны саууға мүмкіндік береді. Тауарлы-сүт фермасындағы жұмыстардың барлығы толық автоматтандырылған. Сондықтан болар мұндағы сауыншылар қарасы аз.

СНХ: ЛЮБОВ АКСТ – СЕРІКТЕСТІК ЗООТЕХНИГІ


Асыл тұқымды мал ұстағасын оның барлық потециалын пайдалану қажет. Сапалы тиімділікке жету тұрғысында фермадағы ірі қараның асыл

тұқымдылығын жойып алмау аса маңызды. Осы тұрғыда зоотехник-ғалымдардың селекциялық жолмен малды генетикалық жақсарту тұрғысында атқарып жатқан жұмыстары ауқымды.

СНХ: ЛЮБОВ АКСТ – СЕРІКТЕСТІК ЗООТЕХНИГІ


Жалпы алғанда Заградовка серіктестігінің ұстаған бағыты егіншілік пен мал шаруашылығын қатар дамытып ет пен сүт өндірісі көлемін ұлғайту.