2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама — өндірістің дамуына серпін беріп отырған қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған. Қазіргі таңда, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық қандай? Келесі бейнематериалда.
Токарь-фрезеровщик маманы - металды жонып, әртүрлі бөлшектерді өңдейтін шебер. Олар сызбаға қарап, миллиметрге дейінгі дәлдікпен жұмыс істейді. Күрделі бөлшектерді жасау — үлкен тәжірибені, зейін мен жауапкершілікті талап етеді. Жасылан Ноғырбеков 15 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жұмысымда қиындықтар болсады өзіме қатты ұнайды дейді ол.
Снх: ЖАСЫЛАН НОҒЫРБЕКОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС ЖӨНДЕУ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЦЕХЫНЫҢ ТОКАРЬ-ФРЕЗЕРОВЩИГІ
Ол тек шеберлігімен ғана емес, ұжымдағы сыйластыққа толы қарым-қатынасымен де ерекшеленеді. Жасылан әріптестерімен бірлесе отырып жұмыс істейді, жас мамандарға бағыт-бағдар береді, тәжірибесін бөлісуден жалықпайды. Өндіріс цехында – тәртіп, жауапкершілік, және өз ісіне деген адалдық бар. Бұл – Жасылан сияқты мамандардың еңбегінің нәтижесі.
Снх: САЙРАН ЫСҚАҚОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС ЖӨНДЕУ-МЕХАНИКАЛЫҚ ЦЕХЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Бұл көзге көрінбейтін, бірақ ел дамуына үлкен үлес қосатын маңызды жұмыс. Осындай кәсіби мамандардың арқасында Қазақстанның өндірістік әлеуеті артып келеді.