Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Ұлттық экономика министрлігінің мамандары осылай деп отыр. Былтыр бизнес ахуалды жақсартып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қысымды азайту бойынша арнайы заң қабылданған. Оның негізінде кәсіп иелеріне қойылатын 10 мыңнан астам қажетсіз талап алынып тасталды. Өңірлердің ерекшелігіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін талап ыңғайланып отырады. Ал белгілі бір нысанға қаржы құйып жұмыс істеп отырған инвесторлардың құқығын қорғау үшін прокурорлық сүзгі механизмі енгізілді. Осылайша 2029 жылға дейін орта бизнестің экономикадағы үлесін 15 пайызға жеткізу туралы Президенттің тапсырмасы уақытылы орындалады деп отыр мамандар.
СНХ: ШОЛПАН-СӘУЛЕ МҰРАТБЕК, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІК САЯСАТЫН ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ