Полицейлер жасөспірімдер арасында футбол турнирін ұйымдастырды. Жалпы жыл басынан бері СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 48 спорттық профилактикалық іс-шара өткізді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалынан көрейік.
Петропавлдың аула клубтары, спорт секциялары, мектеп және колледж командалары СҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған турнирлерге қатысты. Іс-шараға қала әкімдігі мен волонтёрлер де қолдау көрсетті.
СНХР: Жанат Кәкімов — СҚО ПД жанындағы есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі
Ұйымдастыруға СҚО ПД жанындағы есірткі қылмысының алдын алу кеңесінің мүшелері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері белсенді атсалысты. Олар — тәртіп сақшыларының сенімді серіктестері.
СНХР: Никита Винарчук — Петропавл қаласы әкімдігі жастар ресурстық орталығының волонтёры
Бұл жарыстар тек саламатты өмір салтын насихаттау ғана емес. Сонымен қатар, полицейлер жасөспірімдердің білімін нығайту үшін викториналар өткізеді.
Ойын түрінде тәртіп сақшылары есірткінің зиянды әсері мен оны таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіреді.
СНХР: Зарина Попова — СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі
Қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. «Есірткісіз болашақ үшін» ұранымен өтетін турнирлер «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда. Жыл басынан бері СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері 48 спорттық профилактикалық іс-шара өткізді.