Петропавл қаласының орталық алаңында «Біз қауіпсіздікті қолдаймыз» атты флешмоб өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер мен жастар қатысып, қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелері кез келген жағдайда маңызды екенін еске салды. 

Флешмобтың басты мақсаты – өрт қауіпсіздігі мен жалпы қауіпсіздік мәселелеріне қоғам назарын аударту.

СНХР: ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Балалардың қауіпсіздігі – әр ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті. Жаз мезгілінде балалар көбіне сыртта ойнайды, суға түседі, жол бойында жүреді. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін еске салу – аса маңызды.

СНХР: ДИНА ЖАПАРОВА, СҚО ТЖД ТЖААБ АҒА ИНЖЕНЕРІ


Іс-шараны ұйымдастырушылар Төтенше жағдайлар департаменті, «Ассамблея жастары» өңірлік өкілдігі және ішкі саясат бөлімі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды іс. Баланың амандығы – бүкіл қоғамның жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн.