Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» телеарнасына биыл – 65 жыл. Осыған орай арна ұжымы таза ауада демалыс ұйымдастырып, тимбилдинг өткізді. Бұл мерейлі датаны ерекше атап өтуге мүмкіндік болды.

Іс-шара барысында түрлі командалық ойындар ұйымдастырылып, ұжымның ауызбіршілігін арттыруға бағытталған жаттығулар өтті. Қатысушылар бір-бірін қолдап, белсенділік танытты. Мұндай бейресми кездесу ұжым арасындағы байланысты нығайтып, әріптестердің жаңа қырынан танылуына мүмкіндік берді.

СНХ: ИНДИРА БАЙМҰХАМБЕТ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ


СНХ: ПОЛИНА ЧУРЯК, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ


Қызықты жаттығулар мен топтық тапсырмалардан тұратын бағдарламаны «SHOW TODAY» компаниясы әзірлеген. Қатысушылар шынайы эмоцияға бөленіп, жұмыс аясынан тыс ортада бір-бірімен жақынырақ араласты. Белсенділік пен көңілді атмосфера — мерейтойлық кездесудің басты ерекшелігі болды.

СНХ: ЮРИЙ ПОЛЯКОВ, «SHOW TODAY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ


Мерекелік күн естелік суреттермен және жылы лебіздермен қорытындыланды. Арна ұжымы алдағы уақытта да көрерменге сапалы контент ұсынуды мақсат етіп отыр.