Энергетик — сергек жүрудің жолы ма, әлде ағзаға соққы ма? Бүгінде мұндай сусындарға сұраныс жоғары. Қуат береді деген жарнамаға сеніп, денсаулығымызға қауіп төндіріп жүрген жоқпыз ба? Осы сұрақтарға жауапты алдағы сюжеттен білесіздер.
Энергетикалық сусындардың тарихы бірнеше онжылдыққа созылады. Алғаш рет олар 1960 жылдары Жапония мен Оңтүстік Кореяның фармацевтикалық нарығында пайда болған. Ең алғаш кең танымал болған өнімдердің бірі — Lipovitan-D деп аталады. Бұл сусын таурин сияқты белсенді компоненттер арқылы адамға күш-қуат береді деп жарнамаланды. Кейінірек, яғни 1980 жылдары, энергетиктер Батыс елдеріне — АҚШ пен Ұлыбританияға жол тартып, жастар мен көлік жүргізушілер, түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер арасында кең қолданысқа енді. Бүгінде дүкен сөрелерінде көз сүрінетіндей түрлі брендтер бар. Алайда олардың құрамына үңілсек, жай ғана тәтті сусын емес екенін байқауға болады. Кофеин, таурин, глюкуронолактон, синтетикалық дәрумендер мен қышқылдандырғыш заттар – барлығы адам ағзасына әртүрлі әсер етеді.
СНХР: РУСЛАН МАДУОВ, №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Күнделікті сергек жүру үшін тұтынатын кейбір өнімдер адам ағзасына тек физикалық емес, психологиялық тұрғыдан да кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе жасөспірімдердің мінез-құлқында өзгерістер байқалуы ықтимал.
СНХР: ҒАЛИЯ БАЯЗИТОВА, ПСИХОЛОГ
Бүгінде 14–16 жастағы жасөспірімдердің энергетикалық сусындарды дүкен сөрелерінен еш кедергісіз сатып алып жатқаны жасырын емес. Осыған байланысты 2025 жылдың қаңтарынан бастап «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді елімізде энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға қатаң тыйым салынды.
СНХР: НАДЕЖДА ДУБОВАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 184 миллион литрге жуық қуат беретін сусындар тұтынылған. Бұл – таңғалдырмай қоймайтын көрсеткіш. Соңғы жылдары мұндай өнімдерге сұраныс күрт артқан. Бірі сергектік үшін ішсе, енді бірі күнделікті әдетке айналдырған. Дегенмен, бұл сусындардың пайдасы мен зияны жөнінде қоғамда түрлі пікірлер бар.
Осылайша Қазақстан да Франция, Дания, Норвегия, Австрия, Түркия, Исландия және Литва сияқты елдердің қатарына қосылды — бұл мемлекеттерде қуаттандыратын сусындарды сатуға белгілі бір шектеулер енгізілген. Ал Австралия мен Жаңа Зеландияда мұндай өнімдерді өндіруге де, саудаға шығаруға да мүлде рұқсат жоқ. Ал көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанда 18 жасқа толмағандарға бұл сусындарды сатуға тыйым салынған.