Негізгі Жаңалықтар Петропавлда энергетиктер арасында спартакиада өтіп жатыр

Петропавлда энергетиктер арасында спартакиада өтіп жатыр

Петропавл қаласында «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ мен оның серіктестері арасындағы үшінші корпоративтік спартакиада басталды. Дәстүрлі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 қатысушы жиналды. 8 команда бірнеше спорт түрі бойынша сынға түсуде. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада биыл алғаш рет біздің өңірде – Петропавл қаласында өтіп жатыр. Екі күнге шақталған жарысқа барлығы 8 команда қатысуда. Олар шағын-футбол, үстел теннисі және шахмат сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынайды. «Севказэнерго» АҚ бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша, мұндай ауқымды іс-шараны қабылдау – үлкен жауапкершілік. Сондықтан да ұйымдастыру жұмыстарына ерекше дайындықпен келген.

СНХР: АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ


Алғашқылардың бірі болып ойын алаңына шыққан «Трест Средазэнергомонтаж» командасы қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Команда мүшесі Евгений Алексеевастың айтуынша, ойын соңғы минуттарға дейін тартысты өтті.

СНХР: ЕВГЕНИЙ АЛЕКСЕЕВАС, ҚАТЫСУШЫ


СНХР: ӘЛІШЕР АБАЙДУЛЛИН, «ҚАТЫСУШЫ


«EurasianTech» компаниясының атынан үстел теннисі бойынша жарысқа қатысып жатқан Айнар Чаймарданова бұл спартакиадаға тыңғылықты дайындықпен келгенін, арнайы жаттықтырушымен жаттыққанын айтады.

СНХР: АЙНАР ЧАЙМАРДАНОВА, ҚАТЫСУШЫ


Айта кетейік, өткен жылғы спартакиаданың жалпы есебі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, үш спорт түрінен басым түскен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ командасы ауыспалы кубоктың иегері атанған болатын.


Бөлісу