Солтүстік Қазақстан облысының сегіз полицейі кезекті шендерін алды. Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов полиция қызметкерлеріне жаңа погондарын табыстап, қызметте сәттілік тіледі. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.

Салтанатты жағдайда жаңа погондарды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұлов табыстады. Ол қызметкерлерге мансаптық өсу мен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

СНХР: Руслан Тасимов — СҚО ПД жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы 


Бикен Смолекова – Мағжан Жұмабаев ауданының өкілі. Ол ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы.

СНХР: Бикен Смолекова — М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы


Бүгін Бикенге полиция майоры шені табысталды. Жоғары шен алғандар қатарында патрульдік полиция, жедел әрекет ету арнайы жасағы, арнайы және мобилизациялық дайындық басқармасы, кадр қызметі мен кезекші бөлім өкілдері бар. Барлық қызметтер «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған.