Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. Сондай-ақ, Тепличное мен Прибрежное ауылдарында қайта жаңартылып жатқан бөгеттерді де көрді. 

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында салынып жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Өңір жетекшісі ең алдымен шаһардың көркі саналатын Қазақстан Конституциясы көшесін қайта қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысты. Мұндағы шаруа қарқынды жүріп жатыр. Жоба 3 кезең бойынша іске асырылады. Қазірдің өзіңде көзделген 35 мың шаршы метр кеспе тастың 25 мыңға жуығы төселді. Көше жарығы мен орындықтар толығымен жаңартылды, аумақта жасыл желек көбейді. Халықты ақпараттандыруға арналған заманауи жарнамалық экран қойылды. Жаңашылдық арқылы ауа температурасы мен уақыт және түрлі бейнероликтер көрсетіледі.

Басты алаңда алыстан көз тартатын, балаларға шаттық силайтын субұрқақ салынып жатыр. Ол тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Түнде айналаға көрік беру үшін жан-жағына түрлі-түсті шамдар орнатылады. Қаламыздың басты көшесінің бойында түрлі дәмханалар ашылады. Қазіргі тамақтану орындарына кәсіпкерлер күрделі жөндеу жұмыстарын жасайды. Осылайша, Қазақстан Конституциясы көшесі адам танымастай өзгереді.

Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңін қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Басты көше қала тұрғындары мен қонақтарының емін-еркін серуендеуіне, демалуына арналғандықтан облыс әкімі жауапты мамандарға әр міндетті сапалы орындауды тапсырды.

Көктем келіп, қар ерігенде өткен жылғыдай опық жемес үшін Қызылжар ауданындағы Тепличное мен Прибрежное ауылдарында бөгеттер қайта жаңартылып жатыр. Облыс әкімі маңызды істің барысымен жіті танысты. Мұндағы қорғаныс үйінділері бетон плиталармен нығайтылады. Қос жобаның жалпы құны 6 млрд теңгеден асып жығылады.

СНХ: ДӘУРЕН ШАҚАНОВ, Қызылжар ауданы әкімінің міндетін атқарушы


СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Береке ықшам ауданы жыл өткен сайын өзгеріп жатыр. Мұндағы Малая көшесі күрделі жөндеу көруде. Қазіргі таңда істің 60 пайызы аяқталған. Облыс әкімі атқарылған жұмысты тексеріп, оң бағасын берді.

Алдағы күндері "Береке" ықшам ауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша салынған оқу орны қолданысқа беріледі. Нысан 600 орынға шақталған. Бастама Президенттің тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Өңір жетекшісі ғимараттың айналасында атқарылған жұмыспен танысты.

Содан соң Ғауез Торсанұлы нысанның ішін аралады. Әр кабинетке бас сұқты. Мектеп базасы балаларға қажетті барлық құралмен жабдықталған. Ғимаратта 30-дан астам сынып, спорт залы, компьютер кабинеттері, мәжіліс залы мен кітапхана және асхана бар. Жоба құны - 4,9 млрд теңге. Танысу барысында ғимараттан бірнеше олқылық табылды.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Қазіргі таңдағы мектептегі құрылыс жұмыстары 92 пайызға аяқталған. Білім ұясында 100 адам тер төгіп жатыр.