Осы жылдың ақпан айынан бастап облыс орталығында жаңа этнофотостудия өз жұмысын бастады. Бұл шығармашылық кеңістік -ұлттық мәдениетті насихаттап, қазақ халқының салт-дәстүрін, киім үлгілерін және тұрмыс-тіршілігін заманауи форматта көрсетуге бағытталған. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Этнофотостудияда қазақы нақыштағы интерьер, ұлттық киімдер, дәстүрлі бұйымдар мен қолөнер заттары қойылған. Келушілер бұл жерде түрлі форматтағы фотосессияларға қатысып, тарихи атмосферада естелік жасай алады.
СНХ: ДИАНА ЕЛУБАЕВА, ЭТНО-ФОТОСТУДИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Мұнда арнайы дайындалған 6 бірегей фотолокация бар. Әрқайсысы – қазақтың бай мұрасын заманауи көзқараспен ұштастырған, ұлттық нақыш пен эстетикалық талғам үйлесім тапқан кеңістік.
СНХ: ДИАНА ЕЛУБАЕВА, ЭТНО-ФОТОСТУДИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Студияның негізін қалаушылар болашақта бұл жерді «ұлттық мұраны жаңғырту» орталығына айналдыруды жоспарлап отыр.