Облыста алғаш рет әйелдерге арналған ерекше бағдарлама басталды. Бұл жобаның мақсаты – әйелдерді креативті экономикаға тарту. Яғни, олар флорист мамандығын үйреніп, гүлдерді безендіріп және көгалдандыруды меңгереді. Бұл ауылда тұратын қыз-келіншектер үшін де табыс табуға, өз ісін бастауға жақсы мүмкіндік.
Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған.
СНХ: МАҚПАЛ ӘБІШЕВА, ҚАТЫСУШЫ
Бұл бағдарлама әйелдердің қабілетін шыңдауға, өз арманын жүзеге асыруға жол ашады. Креативті салада жаңа кәсіп түрлерін меңгеріп, өз ісін бастауға мүмкіндік беретін маңызды бастама
СНХ: ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ , ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ
Семинардың алғашқы күнінде –ақ 20-ға жуық әйел қатысып, флористика әлеміне алғашқы қадамдарын жасады. Қатысушылар бұл саладағы негізгі біліммен танысып, өз қабілеттерін іс жүзінде сынап көруге мүмкіндік алды.
СНХ: ЖАНАТ КӘКІМОВ, СҚО БОЙЫНША «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Семинар қатысушыларына Астана мен Петропавлдан арнайы шақырылған кәсіби флорист мамандар сабақ берді. Семинарда гүлді әдемі жинаумен қатар, оларды ұзақ уақыт сақтау жолдары мен бөлмені табиғи, жайлы етіп безендіру тәсілдері де үйретілді