Айыртау ауданындағы «Сокол» балаларды сауықтыру орталығы биыл күрделі жөндеуден соң қайта балаларға есігін айқара ашты. Табиғаты көркем, орман мен көлдің жағасында орын тепкен бұл орталық балғын балалықтың шаттыққа толы мекені. Мұнда балалар таза ауада тынығып, жаңа достар тауып, қызықты үйірмелер мен спорттық ойындарға қатысады.
«Сокол» лагерінің маусымы маусым айының 12-сі күні ашылған. Жазғы сауықтыру лагерьіне тек біздің облыстан ғана емес, өзге аймақтан келушілердің де қатары жетерлік. Оның ішінде: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Астана қалаларынан демалушылар көптеп келеді. Тіпті, Батыс Қазақстан мен Алматыдан да бар.
СНХ: ШОҚАН ӘБДІЛМАН, «СОКОЛ» БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Табиғаты көркем, орман мен көл жағасында орналасқан лагерьде балалар таза ауада тынығып, жаңа достар табады. Түрлі үйірмелер мен спорттық іс-шараларға қатысады. Мұнда әр күн ерекше өтеді. Қызықты квесттер, концерттер, ойындар мен шығармашылық байқаулар балалардың қабілетін дамытып, көңіл-күйін көтереді.
СНХ: ДАЯНА ТҮСІПБЕКОВА, ЖЕТЕКШІ
Сауықтыру лагерьінде 1 маусым 10 күнге созылады. Балалар күніне 5 мезгіл тамақтанады. Ауа-райы қолайлы болған кезде көлге шомылады. Ең бастысы, қауіпсіздік қатаң бақылауда.