Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қызылжар ауданына жұмыс сапарымен барды. Облыс басшысы аудан инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарын тексерді.

Облыс әкімі барған бірінші нысаны Бескөл ауылындағы «машина-трактор дүкені». Компания 13 жылдан бері облыс фермерлеріне ауылшаруашылық техникасын жеткізіп келеді. Директордың айтуынша, тауарлар тізімінде 22 мың атау бар. Кәсіпорын басшылығы ағымдағы жұмыс көлемі мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

Бұдан әрі облыс әкімі Бескөл ауылындағы «Радуга» ЖШС кәсіпорнында болып, металл-пластик бұйымдарын дайындаумен және шикізатты қайта өңдеу жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовке өндіріс көлемінің біртіндеп ұлғаюы туралы баяндады. Сондай-ақ кәсіпорынның өз колледжінің жұмысы жайлы айтып берді.

Келесі нысан Бескөл ауылындағы су тасқынына қарсы тұрғызылып жатқан бөгет. Бұл нысанда құрылыстарды нығайту жұмыстары аяқталуға жақын. Аталмыш бөгет су тасқынының алдын алуға бағытталған аудандағы маңызды жобалардың бірі. Облыс әкімі атқарылған жұмыстарды тексеріп, 2025 жылдың көктеміне дайындық бойынша бірқатар нұсқаулар берді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Бұл бөгеттерды нығайту барысында тек сапалы құрылыс материалдарын пайдалану керек. Қазірден бастап тапсырыс беру керек. Қайда сақтайсыз, қай жерден сатып аласыз, мұның бәрін ескеру керек. Барлық материалдар бір жерде сақталуы керек. Егер де бір қоймаға қойсаңыз ол жерде тышқандар не болмаса басқа да зиянкестердің болмауын алдын алу керек.

Сондай-ақ облыс әкімі Бескөл ауылындағы ауылішілік жолдарды жөндеу қортындысымен де танысты. Ағымдағы жылы аудандық маңызы бар 52 км және кентішілік жолдарда жол жұмыстарын жүргізу кезінде бір жарым млрд теңге игерілді. Сондай – ақ, облыс әкіміне қысқы кезеңге аудандық маңызы бар жолдарды сақтауға бюджеттен 2024 жылға – 20 млн және 2025 жылға-70 млн теңге бөлінгені туралы хабарланды.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Қаржылық жағынан бізде бәрі бар. Бұл жұмысты өте жауапкершілікпен жүргізу керек. Әсіресе мереке және демалыс күндері. Соның ішінде жауын-шашын мол күндері, функционалдық міндеттерімізге жауапкершілікпен қарау керек. Жолдарды жақсы жағдайда ұстап, адамдардың жүріп тұруы үшін жақсы жағдай жасау қажет.

Сапар барысында Бескөл ауылындағы нөмірі 2 орта мектепке ерекше көңіл бөлінді. Биыл бұл оқу орнына "Қазақстан халқына" Қорының арқасында 249 миллион теңге бөлініп, материалдық-техникалық база жаңартылған.

Сапар аясында облыс әкімі сүт өңдеумен айналысатын «Молсервис» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен де танысты. Басшылық кәсіпорынның ағымдағы жағдайы және оның жоспарлары туралы баяндады. Содан кейін өңір басшысы Бескөл ауылының орталық қазандығына да барды. «Қызылжар ТКШ» ЖШС директоры нысанның жұмысы және жылыту маусымына дайындық қалай өткені туралы айтып берді. Сондай-ақ, әкім «Балапан» балабақшасында болып, жақында күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Іс-сапар барысында облыс басшысы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Бәйтерек ауылында облыс әкімі әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін салынған жаңа үйлерді тексерді. Бағдарлама аясында сегіз отбасы үшін жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Өңір басшысы жаңа тұрғындарды жеке құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Облыс әкімі Новокаменка ауылында электрмен жабдықтау объектілерінде қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Көктемгі су тасқынынан кейін бұл ауылда электр желілерінің едәуір бөлігі зақымдалған. «Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ Бас директоры қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанын және жақын арада аяқталатыны туралы баяндады.

АЛЕКСАНДР ЧЕКУЛАЕВ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қосалқы станциялардың саны – 2343, оның ішінде 333 қосалқы станция Қызылжар ауданында орналасқан. «СКРЭК» АҚ бойынша орташа тозу 96,6% құрайды. Жыл сайын инвестициялық бағдарлама аясында бізде іс-шараларды орындау үшін 3,6 млрд теңге қарастырылған.

Содан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов Архангелька ауылындағы серіктестіктердің жұмысымен де танысты. «Ер-Агро» ЖШС басшысы өнімділіктің өсуін және қайта өңдеу көлемінің ұлғаюын атап өтіп, биылғы жұмыс нәтижелері жайлы баяндады. Ал «Молодое Агро» сүт-тауар фермасында облыс әкімі лазерлік қондырғыларының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы заманауи жабдықтар өнімділікті арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Сондай-ақ, көкөніс өсірумен айналысатын «Елім Қызылжар» ЖШС шаруашылығына да барды. Кәсіпорын басшысы аграрлық саладағы жаңа технологиялар және егіс алқаптарын кеңейту жоспарлары туралы айтып берді.

Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Боголюбово ауылында да болды. Әкім жергілікті амбулаторияға және елді мекенде жақында ашылған дәріханаға да барды. Бұл тұрғындар үшін медициналық препараттарға қолжетімділікті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.