Петропавлдық блогерлер полицейлерМЕН БІРГЕ интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша акцияға қатысты. Қылмыстың бұл түрі бүгінде кеңінен таралған. Орта есеппен облыс бойынша күн сайын бір-екі адам желілік алаяқтардың құрбаны болады.

Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері адамдарды алаяқтардың негізгі амалдары туралы ескертетін түсіндіру іс-шараларын үнемі өткізіп тұрады. Бұл жолы тәртіп сақшылары «Алаяқтықсыз қала» акциясын өткізіп, іс-шараға блогерлерді қатысуға шақырды.

Милена Балацкая, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

- Бүгін Петропавл қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері «Алаяқтарсыз қала» акциясын өткізді. Акция барысында интернет-алаяқтықтың негізгі схемалары туралы азаматтарға түсіндіріліп жатыр. Мақсат ортақ, бұл - киберқылмыстарды азайту, жұртшылықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Тәртіп сақшылары, прокурорлар, ерікті полиция көмекшілері және банк өкілдері келушілерге жаднамалар таратып, өздерінің құпия мәліметтерін жария етпеуді, телефонға беймәлім қосымшаларды орнатпауды ескертіп, e-gov.mobie мобильдік қосымшасында осы қызметтерді ресімдеуге көмектесті.

Милена Балацкая, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

- Тұрақты негізде және күшейтілген режимде жүргізілетін профилактикалық іс-шаралардың арқасында біз өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтың осы түрін тіркеуді төмендеттік. Осы жылы 599 дерек тіркелді. Бұл тіркеу өткен жылмен салыстырғанда 7% -ға төмендеді.

Танымал блогерлер акцияға қызығушылықпен қатысты. Олардың көмегі он мыңдаған пайдаланушыларға пайдалы мәліметтерді таратуға және киберқылмысты жеңуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.