Аққайың ауданындаҒЫ Смирнов мектеп-гимназиясы күрделі жөнделді. "Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында оқу орны 231 млн. теңгеден астам сомаға жабдықталды. Толығырақ Әріптесім баяндап берсін.
Аққайың ауданының Смирнов орта мектеп – гимназиясының материалдық базасы 231 млн теңге сомаға жаңартылды. Бұл қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған әлеуметтік жоба аясында қолға алынды. Сондай-ақ, мұндағы барлық мұғалім біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Бұл білім беруді тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Серіктестік бағдарламасы. Жобаның бас демеушісі - "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры. Сонымен қатар, оқу орнында 126 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір мектепте 346 оқушы оқиды және 50 педагог жұмыс істейді.
АЙНАГҮЛ МАЛМАСОВА, "СМИРНОВ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ:
- Мектепте спорт залы мен мектеп асханасындағы жиһаздар толық жаңартылды, мектеп кітапханасы, компьютерлер мен әдістемелік кабинет толық жабдықтылды. Ал рекреацияда интеллектуалдық зал орнласқан, яғни мұнда балалар үстел ойындарн ойнайды. Әр кабинеттің өзіндік интерактивті панелі бар.
Сонымен қатар, STEM зертханасы, ART-студия, телестудия, қосымша білім беру кабинеттері жабдықталған. Мектеп директорының айтуынша, STEM зертханасы оқушыларды математика, инженерия, технология және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін кеңейтуге шабыттандырады. Робототехника кабинеті де ашылды. АРТ-студияда балалар шығармашылық дағдыларды дамытады. Телестудияда тәлімгерлердің жетекшілігімен оқушылар бейнероликтер мен фильмдер түсіріп, мектеп жаңалықтарын таратады.
АЙНАГҮЛ МАЛМАСОВА, "СМИРНОВ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ:
- Технология пәнінің екі кабинеті бар - олар толығымен жарақтандыфрылды. Қыздар үшін тамақтану мәдениеті кабинеті толық жабдықталған. Онда ас үй техникасынан толық қарастырылады, кабинеттің екінші аймағы - тігін шеберханасы. Яғни, оқушылар пісіру, қызмет көрсету, консервілеу және тігін ісі негіздерінің қыр-сырын біледі - бұл болашақта әр қызға қажет нәрсе. Ұлдарға арналған технология кабинеті жаңа станоктармен, яғни ер балалардың күнделікті өмірде қажетті дағдыларын дамыту үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған.
Аққайың ауданында 2024 жылы барлығы 6 мектеп жөнделді.