Қызылжар ауданына барған облыс әкімі аудан тұрғындармен кездесті. Жиналыс барысында жыл қорытындысы, ауданның өзекті мәселелері мен даму перспективалары талқыланды. Тұрғындар аудан басшысына да, облыс әкіміне де сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Тұрғындармен кездесу Қызылжар ауданы әкімінің есебімен басталды. Ол ауыл шаруашылығындағы жетістіктер, инфрақұрылымдық жобалар және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы баяндады. Жылдың негізгі нәтижелерінің қатарында Бескөл бөгетінің құрылысын аяқтау, жолдарды жөндеу және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру болды.
САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Жалпы егерде ауданның 5 жылдық қарқынын қарасақ, халықтың дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етілу көрсеткішінің өсу үрдісі байқалады. Бірақ соған қарамастан бізде медициналық қызметкерлерге қажеттілік бар. Биыл бізге 5 маман қажеттілігі болды, біз 4 маманды жұмысқа орналастырдық. Ал қазір бізге дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 7 маманды, ал орта медициналық персонал 23 маманды құрайды.
Аудан әкімінің есебінен кейін тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарды коюға мүмкіндік алды. Көпшілік жол төсемдерінің жағдайы, қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі, ауыз сумен қамтамасыз ету және қаңғыбас иттер мәселесін қарасыруды сұрады. Надежка ауылының тұрғыны, аудан басшысына қаңғыбас жануарларға қатысты сұрағын жеткізді. Аудан басшысы Сақтаған Сәдуақасов бұл жағдайға түсініктеме берді, ал облыс әкімі жауап алу үшін жауапты тұлға аудандық ветеринариялық станцияның директоры Ербол Багеновке толықтыруды сұрады.
ЕРБОЛ БАГЕНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ» ШЖҚ МКК ДИРЕКТОРЫ:
-Біздің ветстанция қаңғыбас жануарларға кестеге сәйкес чиптеуді жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда біз 2 мың жануардың, 400-не чип орнаттық. Біз оларды ауламаймыз, өйткені ауданда оларды ұстайтын баспана жоқ. Бірінші кезекте баспана қажет.
Бұдан әрі облыс әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ол ауыл шаруашылығындағы жобалар, әлеуметтік осал санаттарға арналған тұрғын үй құрылысы және басқа аспектілерге тоқталды. Сондай-ақ, өңір басшысы ауданның дамуына үлес қосқандарды, оның ішінде Геннадий Зенченконың еңбегін атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Геннадий Зенченко ел Президентінің қолынан Қазақстанның еңбек ері медальімен және Отан орденімен жоғары дәрежеге ие болды. Міне бүгін ол кісі араларыңызда отыр. Барлық қожалық басшыларына осы кісіден үлгі алуға шақырамын.
Есептен кейін облыс басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Әкім кейбір өтініштерді жауапты тұлғаларға жолдап, оларды жақын арада қарастыруда тапсырды. Мысалы, Бәйтерек ауылында мәдениет үйі жоқ. Кездесуде ауыл тұрғыны осы сұраққа назар аударуды сұрады.
Сондай-ақ 2024 жылғы су тасқыны кезінде үйлері су басқан Қызылжар ауданының тұрғындары көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін облыс басшылығына алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, осы қиын уақытта ешкім назардан тыс қалған емес.
Жұмыс сапарының соңында кейбір тұрғындар Ғауез Нұрмұхамбетовке жеке сұрақтар бойынша жүгіне алды. Солардың бірі Пенково ауылының тұрғыны (1710) аймақ басшысынан ауылға ауыз су тартуды сұрады. Бұл сұрақ бойынша жауапты тұлғалар облыс әкіміне сәуір айында жұмыс жүргізілетінің баяндады.
Аудан халықымен бұл сыңды кездесулер тұрғындар мен билік арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді. Іс-шарада көтерілген көптеген мәселелер бақылауға алынып, қысқа мерзімде шешілетін болады.