Өңірдің «Sensitive» би театры көрерменге тағы бір тың тундыны паш етті. Қойылым орыс жазушысы, ақын Александр Гриннін "Алқызыл желкендер" повесіне негізделген.
Адам армандаганда толқын көтеріледі. Адамның қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Ол толқынға қарсы жүзеді, толқынды кесіп арманына жетеді. Бул эпиграф - "Сенситив" би театры ұсынған спектакльдің негізгі идеясы. 10-нан астам актер өнер көрсеткен жоба жетекшісі-балетмейстер Ольга Ростовщикова. Айта кету керек, шығармашылық ұжым сөйлеу тілінде кемісітігі бар жане нашар еститін 40-тан астам адамды біріктірген.
ОЛЬГА РОСТАВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:
- Бул спектакль сенім, махаббат, үміт туралы. Онда қазіргі өмірдегі проблемалар, әлеуметтік мәселелер, ата-аналардын баламен қарым-қатынасы және жасөспірім жастрдың қарым-қатынасы қарастырылған. Бірақ осының барлығы спектакльде жақсы жағынан көрініс табады, яғни жақсылыққа сену және ұмтылу қажеттігі көрсетіледі. Спектакльдің режиссері-Анна Дой. Ол - Алматы корей театрының бас балетмейстері және режиссері. Спектакльге дайындалып жатқанда, біз онымен кездесуді асыға күттік, өйткені бұл өте көрнекті режиссер.