Облыста өрт қауіпсіздігі бойынша республикалық айлық аясында ауқымды алдын алу акциясы өтіп жатыр. Іс-шараға облыстық ТЖД жеке құрамы, полиция департаменті, Ұлттық ұлан, AMANAT партиясының өкілдері, волонтерлер, Жоғары кәсіптік-техникалық колледж студенттері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысқан. Петропавлда акция аясында жеке тұрғын үй секторы тұрғындаына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету аясында олардың үйлерінде автономды өрт хабарлағыштары орнатылды.
Қазіргі таңда елімізде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтіп жатыр. Осы іс-шара барысында мамандар жеке тұрғын үй секторларын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндіреді. Бұл жұмыс желтоқсанның бірінде басталды.
ДУМАН ДІЛДӘБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жеке тұрғын үй секторындағы тұрғындармен кездесулер өткізіліп, оларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптары түсіндіріледі. 01:24/ Біздегі ең басты жұмыстардың бірі ол әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету мақсатындағы автаномды өрт хабарлағыштарды орнату және мұржаларды тазалау пештерді әктеу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл басынан бері облыста 400-ге жуық өрт тіркелген. Салдарынан 30 адам қаза тапты.Олардың 3-еуі бала. Сондай-ақ 36 адам түрлі жарақат алды. Келген материалдық шығын – 174 млн теңге. Мамандардың айтуынша, өрт көп жағдайда пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды. Акция барысында мамандар мыңға жуық тұрмысы төмен отбасының үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді тегін орнатып берді. Өйткені биыл өрт шықпай-ақ, улы газдан 21 адам зардап шегіп, оның 5-еуі қаза тапқан.
Өрт қауіпсіздігі айлығы» желтоқсан айының 31-не дейін жалғасады. Жалпы осы іс-шараның барысында облыс бойынша 5700-ден астам жадынама таратылды.